2015 жылғы 26 наурыз Астана Үкімет Үйі
«Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 968-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ақшалай өтемақы төлеу балансында алушы тұратын қызметтік тұрғын үй тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік орган басшысының немесе басшысы орынбасарларының бұйрығы негізінде жүргізіледі.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында және тұрақты пайдалану құқығында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болмауы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ақшалай өтемақы мөлшері алушының өзін қоса алғанда, бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің санын тиесілі пайдалы аудан нормаларына (18 шаршы метр) және статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын деректеріне сәйкес орта есеппен алғанда республика бойынша ағымдағы жылғы қаңтардағы жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту жолымен айқындалады.»;
8-тармақтың екінші бөлігінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аумақтық әділет органының анықтамасы (алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің бар-жоғы туралы);»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жергілікті атқарушы органның анықтамасы (алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тұрақты пайдалануында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар-жоғы туралы);»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларын қоспағанда мемлекеттік мекемеге ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушы қызмет өткеретін қызметтік тұрғын үйді есепке алу функциясы жүктелген бөлімшеге (бұдан әрі - бөлімше) ұсынады.
Мемлекеттік мекеме не бөлімше баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей алушы ұсынған құжаттарды тексеруді және оның нәтижелерін алушыға жеткізуді жүргізеді. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік мекеме не бөлімше оларды алушыға пысықтауға қайтарады. Алушы қайтадан өтініш білдірген кезде баянат (өтініш) қайтадан тіркелген күні берілген деп есептеледі.
Ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының қарауына шығарылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары ұсынған құжаттарды тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен алушы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының қарауына шығарылады.
Мемлекеттік мекеменің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушысы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.
Мемлекеттік мекеменің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушысы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты мемлекеттік мекеменің басшысы, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты алушы қызмет өткеретін мемлекеттік органның басшысы немесе басшысының орынбасары шығарады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ақшалай өтемақы төленген алушылар әскери қызметтен босатылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғын үйді тапсырады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кадр қызметі ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтың көшірмесін алушының жеке ісіне қоса тіркейді және тиісті жазуды жүргізеді, ол қойылған қолмен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мастикалық мөрімен расталады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.